ЖаңалықтарАймақБас тақырып
Қарағандыда теміржолдағы адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда 3 мамыр күні «Қарағанды – Сортировочная» станциясында теміржол бойында адам қаза тапты. Оқиға бойынша тексеру басталды.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ




