Жаңалықтар

ТЖМ тікұшағы санитарлық рейс орындады

@emergovkz ұшақ экипажы әуе кемесі арқылы санитарлық авиация шеңберінде “Жезқазған –Қаражал” – “Қарағанды” – “Жезқазған” бағыты бойынша рейс орындады. Бортта 1983 жылы туылған науқас болды. Тасымалдаудың барлық кезеңі медициналық сүйемелдеумен науқастың жағдайы бақылауда ұсталды.

Сурет видеодан алынды

Ұшқыштар мен дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам аман-есен қажетті жерге жеткізілді. «Қазавиақұтқару» тікұшақтары санитарлық авиация міндеттерін орындауға әрдайым дайын және елдің ең қолжетімсіз аймақтарында да адам өмірін сақтап қалуда.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button