Қазақстанда дәрігерлерді даярлау жүйесі өзгереді
Биылдан бастап Қазақстанда медицина мамандарын даярлау жаңа форматқа көшеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Жаңа жүйе бойынша оқу мерзімі 6 жыл университетте және 1 жыл интернатурадан тұрады. Интернатурадан өткен түлек «дәрігер-интерн» мәртебесін алып, тәжірибелік дағдылары бар маман ретінде жауапкершілік жүктеледі. Оқуды аяқтаған соң олар бірден ауруханада немесе емханада жұмыс істей алады, не резидентураға түсе алады.
Ал 2021 жылы оқуға түскендер бұрынғы жүйемен білім алып, 2027 жылы бітіріп шығады. 2022–2025 жылдары түскендер үшін оқу 6 жыл, бірақ тәжірибелік сағаттар саны артқан.
Министрдің айтуынша, қазіргі студенттер үшін оқу тәртібі өзгермейді. Жаңа жүйе дәрігерлердің тәжірибесін күшейтіп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



