АймақБұқар жырау

Ортақ Отанымыз туралы эссе байқауы

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, аудандық мәдениет үйінің қолдауымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік тарихы: тағдырлар тоғысы» атты өзге ұлт өкілдері арасында аудандық эссе байқауы ұйымдастырылды.

Суреттерді түсірген Жанұзақ Макишев

Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар мемлекеттік тілде жазылды.

Қатысушылар өз эсселерінде отбасы тарихын немесе жеке өмір жолын баяндап, Қазақстанға қоныс аудару себептерін, бастан өткерген қиындықтары мен қызықты сәттерін, сондай-ақ бүгінгі өмірін сипаттады. Сонымен қатар, ата-бабаларының Қазақстанға келу тарихы, қай тарихи кезеңде қоныс аударғаны, алғашқы тұрмыс-тіршілігі, көшу себептері кеңінен қамтылды. Эсселерде қазақ халқымен арадағы қарым-қатынас, өзара қолдау мен бірлік үлгілері, Қазақстанды ортақ Отан ретінде қабылдау туралы жеке көзқарастар көрініс тапты. Байқау жұмыстары жеке тағдыр мен тарихи кезең сабақтастығын ашуға бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша: III орын – Зоя Гаршина, II орын – Снежана Кашкуткина, I орын – Евгений Сакс иеленді. Ал бас жүлде «Березка» этномәдени бірлестігінің мүшесі Дарья Жанашеваға бұйырды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Аталған байқау Қазақстанды ортақ Отан еткен түрлі ұлт өкілдерінің тағдыр тоғысын дәріптеп, елдегі бірлік пен татулықты насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button