Бас тақырыпЖаңалықтар

2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына арналған брифинг өтті.

Сурет Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, конкурстық комиссия мүшесі Ғайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева қатысты.

Брифинг барысында грант Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен 2021 жылдан бері шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріліп келе жатқаны айтылды.

2026 жылы әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беру жоспарланған. Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Гранттар келесі 6 бағыт бойынша ұсынылады: ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік.

Өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуір мен 21 маусым аралығында қабылданады. Қатысу үшін үміткерлер онлайн өтінім, жоба сипаттамасы, бейнематериал немесе презентация, шығындар сметасы және жеке құжаттардың көшірмесін тапсыруы қажет.

Байланыс үшін: 8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82,
e-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button