СаранАймақБас тақырып

Саран қаласында жаңа спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр

Күніне 700-ге жуық адам жаттыға алатын кешен жыл бойы жұмыс істеп, жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі спортшыларға да жекпе-жек түрлерімен және функционалдық жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді.

Сурет облыс әкімдігінен

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл нысан бір қабатты, жалпы аумағы 1850 шаршы метрден асады. Ғимараттың басым бөлігі спорт залдарына арналған. Мұнда күрес, ММА, бокс және каратэмен айналысуға болады, сондай-ақ жаттығу залы үшін жеке бөлме қарастырылған.

Ғимарат жеңіл конструкциялардан тұрғызылуда, бүгінде негізгі элементтері құрастырылып, инженерлік желілер тартылған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button