Жаңалықтар
Qarmet металлургиялық зауытында тергеу шаралары басталды
Теміртаудағы металлургия комбинатта екі жұмысшының қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Оқыс оқиға 25 тамызда таңертең «Qarmet» АҚ-тың металлургиялық комбинаты аумағында шатырды бөлшектеу жұмыстары кезінде орын алды.
– Болған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі, яғни «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеліп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



