Жаңалықтар

ТЕОРИЯДАН – ТӘЖІРИБЕГЕ

       Биылғы 27 қазанда Қазастан Республикасының Президенті Нұрсұлтан          НАЗАРБАЕВ қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. Білуімізше, қолданыстағы әліпбидің латын қарпіне ауыстырылуы 2025 жылға дейін кезең-кезең бойынша жүзеге аспақ.

Біз бүгінгі күні қазақстандық қоғамның сан-алуына тұстарына қатысты жүргізіп жатқан маңызды оқиғалардың куәсі болып отырмыз. Бұған дейінгі өзгерістер көбіне-көп экономика, қоғам және саясат құрылымдарына қатысты болып келді. Енді, міне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған мәдениет, білім және тіл мәселелеріне қатысты түбегейлі өзгерістердің тәжірибе жүзінде жүзеге асып жатқанынан көріп отырмыз.

Қоғамда қызу талқыға түскен қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру мәселесі кемел келешектің жарқын бейнесі ретінде қабылданды. Бұл серпіліс қазақ тілінің даму көкжиегін одан сайын кеңейтіп, бүкіләлемдік білім және мәдениет кеңістігінде беделін арттырып, интеграциялық процесстердің барлығын қамтуға мүмкіндік беретін құралға айналады деген сөз. Сондай-ақ, қазақ тілінің болашақтағы дамуына, басым бөлігі осы латын қарпін қолданатын түркі әлемімен тарихи біртектілігіне қатысты атқарылып жатқан ақымды жұмыстар қазіргі күні жалаң теориялық сатыдан аттап өтіп, бірте-бірте тәжірибе жүзінде жүзеге асыру кезеңіне ауысты. Бұл ретте, отандық үздік ғалымдарды, филологтерді, лингвистері, мамандарды шабыттандыра отырып, олардың қысқа мерзім аралығында жаңа әліпби жасап шығаруларына ұйытқы болған Көшбасшымыздың ерен еңбегін атап өтпей кетуге болмас. Бірлескен және жемісті еңбек нәтижесінде жуырда ғана Елбасымыз қолдаған жаңа жоба пайда болды. Ол – қазақ әліпбиінің жаңа графикасы.

 

Эльвира АЛПАНОВА,

«Мейірімді жүрек»

 қоғамдық

 бірлестігінің

 төрағасы.

 

Басқа материалдар

Back to top button