Сарбаздар денсаулығы назарда
«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінде медицина қызметтері басшылық құрамының жиыны өтті. Оған әскери-медициналық басқармаларының, өңірлік қолбасшылықтар медицина қызметтері, әскери-медициналық бөлімдердің, мекемелердің, командирлері қатысты.
Жиын барысында, Қорғаныс Министрлігінің Құрлық әскерлерінің Бас штабының материалды қамтамасыз ету медицина бөлімінің басшысы, медицина подполковнигі Александр Линзе медицинаның әлеуетін арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Бұл үшін ол әскери-медициналық мекемелер – госпитальдерді, лазареттерді, медпункттерді өз сипаттамалары бойынша заман талабына сай қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерін взводтан бастап даярлау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Жиын соңында алдағы кезеңге перспективалар мен жұмыс ауқымы жоспарланды.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.



