Қуғын көрген суретшінің зиратына ескерткіш орнатылды

Ағымдағы жылдың 29-мамырында «Карлаг: келешек үшін есте сақтау» жобасының зерттеушілері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған акцияға қатысты. Бейнелеу өнері мұражайы мен қала белсенділері ұйымдастырған акцияда қарағандылық суретші, Қарағандыдағы бейнелеу өнерінің негізін қалаушы – Владимир Александрович Эйферттің зираты басына мемориалдық ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш қала белсенділерінің арқасында өнерге, бейнелеу өнеріне жаны ашитын еріктілерден жиналған ақшаға орнатылды. Ұлты неміс болғаны үшін ғана Қазақстанға жіберілген суретші мен оның әйелініңзираты өткен жылдың күзінде ғана белсенді жерлестеріміз Л.П. Андриюк, Ю.Д. Забар мен О.Н. Ясинскаяның ұзақ уақыт бойы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылған. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың тағдырын айтып, тарихта есімін жаңғырту мақсатында, бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегін бағалап аталмыш шара қолға алына бастаған.

Сұлтан Мұстафин

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.