Қорықшыларға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысындағы инспектор Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде болған еді», — деп хабарлайды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.