Бас тақырып

Қарантиндік аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес (30.03.2020 жылғы №9-қ) ағымдағы жылдың 02 сәуірі сағат 00.00-ден бастап Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында адамдардың карантиндік аймаққа кіріп-шығуына тыйым салынады.

Карантиндік аймақтың периметрі бойынша 7 карантиндік блок-бекет қойылады. Атап айтсақ:
• Южный кенті (Қызылорда-Павлодар а/ж 880 шақырым);
• Ленин шахтасының ауданы (Қарағанды – Есенгелді а/ж 20 шақырым);
• Шахан кентінен шығу – Қаражар кентіне қарай;
• Теміртау қаласының терминал ауданы (Алматы-Екатеринбург а/ж Нұр-Сұлтан қаласына қарай 1069 шақырым);
• Петровка кенті (Қарағанды-Аягөз-Бұғаз а/ж 45 шақырым);
• Бұрынғы «Соқыр» БП (Алматы-Екатеринбург а/ж 996 шақырым);
• ТЭЦ-3 ауданы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысына шығатын жол).
Бұдан басқа, бүгінгі күні СOVID-19 короновирустық инфекциясымен ауырған патциенттің қайтыс болуын ескере отырып, бірнеше сағат бұрын Теміртау қаласын бұғаттау мен жабу туралы шешім қабылданды. 3 блок-бекетті қою орны анықталған. Олар:
• Металлургтер айналмалы жолы – Теміртау қаласына кіретін жол;
• 4 а орамы «Чкалов» кенті;
• «Орман шаруашылығы» Ақтау кентіне кірер жол.
Өз кезегінде Теміртау қаласынан шығатын қосалқы жолдарда қосымша қоршау шаралары жүзеге асырылады (жолдарға құм төгу, темір-бетон блоктарын қою және бөгеу шұңқырларын қазу және т.б.).
Барлық жұмылдырылған адамдар қажетті қорғаныс және дезинфекциялау құралдарымен, сонымен қатар тағаммен қамтамасыз етіледі.

Шектеуге қатысты:
Сонымен қатар, қаулыға сәйкес растайтын құжаттарын көрсеткен кезде, яғни, жеке куәлік, қызметтік куәлік немесе жұмыс орнынан анықтамасын көрсеткен келесі адамдар мен көлік құралдарына шектеу қойылмайды:
• медицина және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшыларына (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер), Қорғаныс Министрлігінің әкери қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне;

• азаматтық қорғаныс қызметінің, өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстарының қызметкерлеріне;

• коммуналдық, авариялық қызметтер қызметкерлері мен көліктері: электр-газ, су және жылумен қамтамасыз ету, қоқыс жинау, сонымен қатар байланыс және коммуникация;

• жерлеу қызметтерінің жұмыскерлері мен көліктеріне, сонымен қатар 3 бірлік автокөліктен 10 адамнан аспайтын ілесіп жүретіндер, оның ішінде катафалкалар (қайтыс болу туралы медициналық куәлік және ілесіп жүретіндердің жеке куәліктерін көрсеткен кезде);

• кез келген жүк түрлерін жүк және транзиттік тасымалдауға: тек жүк көлігі; көлік құралдары жүк тиелген немесе бос болуы мүмкін; жүргізуші және бір жолаушы жеке куәлігімен және ілесіп жүру құжатымен (өту орнынан тіркеумен (блок-бекет); қажетті жеке санитарлық қорғаныс құралдарының бар болуы: санитайзерлер, маскалар және резеңке қолғаптар);

• мамандандырылған инкассаторлық көліктерге;

• Қарағанды облысының карантиндік периметрінде уақытша немесе тұрақты тіркелуі (ӘҚБТ сәйкес тексеру) бар Қазақстан Республикасының азаматтарына (кіруге рұқсат берілген, шығуға тыйым салынған) жеке куәлік, ӘҚБТ сәйкес тіркелуді тексерумен;

• Қарағанды облысынан шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағына бұрын кірген шетел азаматтарына (Штабтың жедел әрекет ету орталығының келісімімен);

• ерекше жағдайда Қарағанды облысының карантиндік периметрінен растайтын құжаттарын көрсетумен емделуге шыққан немесе ота жасатуға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына:

• 035-1/У нысанға сәйкес диагнозды анықтау және шұғыл емдеу үшін аумақтық амбулаторлық- емханалық ұйымның дәрігерлік- консультативтік комиссиясының қорытындысы;
• Медициналық ұйымның бірінші басшысы қол қойған және елтаңбалық мөрмен мөрленген диагноз бен шұғылдықты растайтын шақыру хаты;
• Стационарлық науқастың медициналық ұйымнан алынатын нысан бойынша медициналық картасының қағаз жүзіндегі көшірмесі.

Ескерту: Егер науқас өз бетімен жүруге шамасы болмаса, жеке куәлігі бар екі адамның алып жүруіне рұқсат етілген;
– Емдеу аяқталғаннан кейін медициналық картасы көшірмесінің негізінде Қарағанды облысының карантиндік аймақ периметріндегі медициналық ұйымдардан шыққан басқа аймақтың тұрғындары үшін шығу;
– перзентханадан шыққан жаңа туған балаларымен жас босанған әйелдер (Қарағанды облысының карантиндік аумақ периметріндегі перзентханадан шыққаны туралы көшірмесі бар болған жағдайда) немесе жеке куәлігі бар 2 адамның алып жүру мүмкіндігімен перзентханаға түсетіндер;
– Қазақстан Республикасының шақыруымен Қазақстаннан шығатын және Қазақстанға келетін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай- ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегациясы;
– поезд және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай- ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатындар (оның ішінде,жөндеу- техникалық персонал) әуе кемелері экипажы (жеке куәлігі, қызметтік куәлік немесе жұмыс орнынан анықтама);
– Қарағанды облысының карантиндік аймағы периметрінде, бір рет туысқандық байланысы (ерлі- зайыптылығы, ата- анасы, балалары) фактісін растаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары отбасының мүшесі болып саналатын шет мемлекеттер азаматтары тек кіру кезінде (шығуға тыйым салынған!);
– Қазақстан Республикасының ІІМ ҚАЖК мекемелерінде жазасын өтеп шыққан тұлғалардың кіру/ шығуы (бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаны туралы анықтамасы және сырқатының жоқтығын растайтын медициналық анықтама немесе ДККБТУ (СЭС) анықтамасы бар болған жағдайда).
– автомобильдердің, оларды тасымалдаушылардың қалаға кіру және шығу құқығынсыз зертхана қызметтерінің блок- бекеттер арқылы биоматериалдар мен биоқалдықтарға талдау жасау үшін қажетті заттарды алу- беруіне рұқсат етіледі;
– Қарағанды облысы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі аймақтық жедел штабының арнайы рұқсатымен ерекше жағдайда Қарағанды облысының карантиндік аумақ периметріне кіретін/ шығатын тұлғалар.

Санитарлық бекеттерге қатысты: 
Санитарлық бекеттердің негізгі міндеттері жүргізушілер мен жолаушыларда қатаралдық көрінулерді (мұрыннан су ағу, температура), оларды оқшаулау, сондай- ақ көлік құралдары мен жолаушыларды тіркеу, оның ішінде кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, яғни азаматтарға карантиннің шектелу талаптары туралы жеткізу.
Сондықтан санитарлық бекеттер арқылы жүру кедергісіз болады.
Сондай- ақ ағымдағы жылғы 02 сәуір 00:00 сағаттан бастап облыс бойынша 15 санитарлық бекет қойылады.
• Бұрынғы Бақылау бекеті-57 ауданы (Қарағанды қаласынан Теміртау қаласына қарай шығу);
• Қарағанды қаласынан Ақтас кентіне қарай шығу, ДСК ауданында (Саран тас жолымен жол торабы);
• Абай- Шахтинск жол айрығы (бұрынғы ББ), 929км. «Қызылорда-Павлодар» тас жолы;
• Жезқазған қаласынан Қызылорда қаласына қарай шығу;
• Жезқазған қаласынан Қарағандыға қарай шығу (бұрынғы ББ);
• Ұлытау селосынан шығу, Сәтбаев- Жезді – Ұлытау жол айрығы;
• Приозерск қаласынан Сарышаған кентіне қарай КПП-ға шығу; 
• Балқаш қаласының ББ (бұрынғы), 640км. «Алматы-Екатеринбург тас жолы;
• Ақтоғай кентінен Ақсу -Аюлы кентіне қарай шығу;
• Ақсу- Аюлы кентінен Қарағандыға қарай шығу;
• Киевка кентінен Нұр- Сұлтан қаласына қарай шығу;
• Киевка кентінен Осакаров кентіне қарай шығу;
• Осакаров кентінен Қарағанды –Нұр –Сұлтан жол айрығына шығу;
• Көктас кентінен (Қарқаралы), 175км. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолды;
• Жаңаарқа кентінен Қарағандыға қарай шығу, «Жанболат» АҚС жанында.

Көрсетілген санитарлық бекеттің 3-уі карантинді аумақтың ішінде орналасады.
1.бұрынғы ББ-57 ауданы (Қарағанды қаласынан Теміртау қаласына шығу);
2. Қарағанды қаласынан Ақштас кентіне қарай шығу, ДСК (Саран шоссесі жол айрығы);
3.Абай-Шахтинск жол айрығы (бұрынғы ББ), 929км. «Қызылорда-Павлодар» а/ж.

Жалпы көшелер мен қоғамдық орындардағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге қатысты:
Төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап біз патрульдік полицияның саптық бөліністерін қызмет өткерудің екі ауысымы режиміне көшіру есебінен қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейттік (12 сағаттық).
Жедел басқару орталығының жұмысын күшейттік – бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін барынша пайдаланудамыз, оның ішінде стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді қорғау бойынша қажетті шараларды қолданудамыз.
Қолданылған шаралар нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелердегі жедел жағдай тұрақты.
Анықтама үшін: бүгінгі күні қоғамдық орындар (-32,0%, 1450-ден 984-ке дейін) мен көшелерде (-29,6%, 476-дан 335-ке дейін) жасалатын қылмыстардың тіркелуі азайған.

Басқа материалдар

Back to top button