Бас тақырыпРесми

Әкімдерге әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын тұрақтандыру тапсырылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин аймақ басшыларына әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын тұрақтандыруды тапсырды. Бұл үшін  тұрақтандырушы қорлардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажет.

«Әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында тауарлар интервенциясын жүргізу үшін тұрақтандырушы қорлардың тиімді жұмысын қамтамасыз етсін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру бойынша жұмысты күшейтуі қажет», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр отандық кәсіпорындар тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ынталандыру бойынша қолда бар ревервтердің бәрін іске қосу керектігін қатаң ескертті.

Дереккөз: Қазақпарат

Басқа материалдар

Back to top button