Жаңалықтар

13 тамызда Орталық саябақта «Save Aikumis» қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

13 тамыз күні сағат 12:00-де облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Орталық мәдениет және демалыс саябағының бас алаңында «Save Aikumis» қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Акция Айкүміс атты бүлдіршіннің еміне қаражат жинау мақсатында өткізіледі. Айкүміс Сәрсенге ІІ типті СМА диагнозы қойылған және 930 млн теңге тұратын «Золгенсма» препаратын алу қажет. Жәрмеңкеде түскен қаражат бүлдіршіннің еміне жұмсалады. 

2 жастан асқан бүлдіршінге бұл препаратты алу – өз ауруын жеңіп, толыққанды өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі.

Мұндай ауру түрі Қарағанды облысында сирек кездеседі. Айкүмістің сауығып кетуіне көптеген отандастар шын жүрегімен көмек көрсетіп, қол ұшын беріп, қолдау білдіруде. Сол себепті кәсіпкерлер, еріктілер, спортшылар, шығармашылық ұйымдар және облыс тұрғындары бұл акцияны өткізуге бел шеше кірісті.

Қайырымдылық жәрмеңкесі аясында мынадай іс-шаралар өткізіледі:

12:00-ден 15:00-ге дейін «Қасымов академиясының» 50 тәрбиеленушісі арасында шахматтан қайырымдылық турнирі өткізіледі;

13:00-ден 20:00-ге дейін қайырымдылық жәрмеңкесі жұмыс істейді, мұнда кәсіпкерлер өз өнімдерін сатады.

15:00-ден 16:30-ға дейін қолдан жасалған ойыншықтар жасау бойынша шеберлік сағаты өтеді.

16:30-ден 18:00-ге дейін көркем шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

18:00-ден 21:00-ге дейін Raven Band, Andrew Fuze, Cantent және т.б. жастардың студенттік және шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Концерт аясында аукцион өткізіліп, түрлі қызмет түрлеріне сертификаттар ойнатылады.

Жәрмеңкеде түскен барлық қаражат Айкүміс Сәрсеннің еміне, анасының шотына аударылады.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігінен алынды. 

Басқа материалдар

Back to top button