“Ortalyq Qazaqstan” газетінің Бас редакторы тағайындалды
Бүгін “Saryarqa aqparat” медиа-холдингінің директоры Қамбар Жұмағалиұлы АХМЕТОВТІҢ бұйрығымен облыстық “Ortalyq Qazaqstan” газетінің Бас редакторы лауазымына белгілі журналист Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕКОВ тағайындалды.
Ерсін Кәрібайұлы Мұсабеков 1974 жылы 12 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев селосында дүниеге келген.
1991 жылы туған ауылындағы орта мектепті «Алтын медальмен» бітіріп, Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті.
1999 жылдан бері журналистика саласында жемісті еңбек етіп келеді.
1999-2003 жылдары – Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасында қатардағы редактор;
2003-2005 жылдары – аймақтық «Сарыарқа» газетінде тілші, шолушы, жауапты хатшы;
2005-2007 жылдары – Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасы директорының кеңесшісі;
2007-2010 жылдары – Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің бас редакторы;
2010-2011 жылдары – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, аға тілші;
2011-2012 жылдары – аталған басылымда бөлім меңгерушісі;
2012-2014 жылдары – осы басылымда жауапты хатшы;
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары.
Үш жоғары білімі бар. Жезқазған университетінің филология, Қазақстан-Ресей университетінің журналистика (2007 жылы), академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультеттерін (2010 жылы) бітірген. Біліктілігі бойынша – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, журналистика бакалавры, қаржы бакалавры.
Марапаттары:
- Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының 2009 жылғы, «Тіл майталманы» сыйлығының 2017 жылғы лауреаты;
- Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері (2014 жыл);
- Халықаралық «Бейбітшілік Әлемі» шығармашылық Қоғамының «Ұлт мақтанышы» медалі;
- «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;
- Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен екі мәрте (2011, 2016 ж.ж) марапатталған;
- ҚР Құрмет грамотасымен (2017 ж) марапатталған.
«Топжарған» (2009 жыл), «Қарсақбайдың қайсар ұлы» (2012 жыл), «Жалын-ғұмыр» (2011 жыл), «Ақ сөйледім ақиқат алаңында» (2014 жыл), «Толағай – тектілер тұғыры» (2015 жыл) атты публицистикалық жинақтардың және «Бұлт астында сәуле бар» (2010 жыл) атты жыр жинағының авторы.