АймақАқтоғай

Құтқарушыларға – құрмет

Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесіне орай аудандағы сала қызметкерлері мен ардагерлерді қабылдады.

Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына – 25 жыл. Жауапкершілікті, ерлік пен өрлікті талап ететін осынау мәртебелі мамандық иелерін атаулы күнмен құттықтаған аудан басшысы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Айдос Кенжебайды облыстық ТЖД басшысының Алғыс хатымен, №27 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Нұржан Кәукербекті облыстық Өрт сөндіру қызметі департаменті басшысының Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық өрт сөндіру қызметінің зейнеткерлері мен №27 өрт сөндіру бөлімінің бір топ қызметкерлеріне аудан әкімінің, ТЖ бөлімі басшысының Алғыс хаты табысталды.

Шарада сөз алған аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Р.Кумаров мемлекеттің қолдауы арқасында құтқару саласының әлеуеті едәуір өскендігін айтты. Соның арқасында өңірде орын алған оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларды дер кезінде жою мүмкіндігі артты дейді. Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбекті елеген аудан басшысына алғысын жеткізді. 

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button