Спорт

Профи-рингтегі алғашқы кездесу

Suleimen Promotion компаниясы Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы компания өкілдері облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВПЕН кездесіп, жоспарларымен бөлісті. Бокс кешінде 5 жұп жұдырықтасады деп күтілуде. Ал, бұл додада жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ профи-бокстағы дебюттік айқасын өткізбек.

Бокс кешінде санитарлық талаптар қатаң сақталып, көрермендерсіз өткізіледі. Сондай-ақ, елдегі жетекші арналардан тікелей көрсетілмек. Әзірге кездесу уақыты нақты бекітілмеген. Былғары қолғап шеберлерінің ішінде Евгений Павлов, Данила Семенов және Абылайхан Жүсіпов ҚР Олимпиада комитетінің рұқсатымен жұдырықтаспақ. Кездесудің басты жекпе-жегі – әлемдік рейтингінде үздік 15-ке енген екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы чемпиондық белдіктерін қорғамақ.

Suleimen Promotion – қазіргі таңда елдегі ең ірі бокс промоутерлік команияларының бірі. Атырау облысында Ибрагим Шияпұлының бастамасымен құрылған. Осыған дейін аталмыш компания Беларусь, Ресей, Аустралия секілді мемлекеттерде және Алматы қаласында үлкен бокс кештерін ұйымдастырған.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button