Бас тақырып

Отын саудасында – онлайн тапсырыс

Кеше облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған жұмыс тобы Қарағанды қаласындағы көмір сату орын дарының жай-күйімен танысты.

Алдымен, жұмыс тобы 132-ші есептік орамның №4 учаскесіндегі көмір сату орнына табан тіреді. Мұнда көмірдің көтермебөлшек қоймасы бар.

  • Облыста шамамен 37 млн. тонна көмір бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млн. тоннаға көп. Соның ішінде, тұр мыстық-коммуналдық нысандар қажет ететін көлем 4,5 млн. тоннаға жуықтайды. Ал, облыс тұрғындары шамамен 1 млн. 300 мың тоннаға жуық көмір тұтынады. Биыл да біз былтырғы жылдағыдай тұрғындарға жаз айларында көмір сату туралы құ лақтандырдық. Алайда, шілде-тамыз айларында өткен жылмен салыстырғанда көмір сатып алған тұрғындар саны көп болмады. Оған аптап ыстық пен қуаңшылық себеп болуы ықтимал, – деді Алмас Айдаров.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, биыл «Шұбаркөл» көмірін онлайн тапсырыс беру һәм үйге жеткізу жөнінде пилоттық жоба қолға алынып отыр. Бұл жо ба тек аталған көмір түріне ғана жүзеге асады. Өзге көмір өндіру орындарымен келіссөздер жүргізілуде.

Тағы бір айта кетерлігі, онлайн тапсырысқа тек Қарағанды қаласының тұрғын дары ғана өтінім бере алады. Ол үшін тұтынушы 7543 нөміріне қоңырау шалуы тиіс. Қоңырау шалу Қазақстанның барлық абоненттері үшін тегін. Сондай-ақ, толық ақпаратты 7543.kz сайтынан білуге болады. Төлемді электронды түрде не месе қолма-қол есеп айырысу мүмкіндігі қарастырылған. Көмірді жеткізіп беру мерзімі тапсырыс берушілер санына қарай күнбекүн жүргізіледі.

Сұраныс көп болған жағдайда, тапсырыс келесі күні де жүзеге асуы мүмкін. Айта кету қажет, тапсырыс берушіге көмір жеткізілмес бұрын тұтынушы жеткізу мерзімінде үйде болатындығын растауы тиіс. Сондай-ақ, қала тұрғыны көмірді белгілі бір күні жеткізу қажеттігін айтса, ол өтініші де орындалатын болады. Учаскедегі «Шұбаркөл» көмірінің құны тоннасына 10100 теңгені құрап отыр. Ал, үйге жеткізу ақысы 5000 теңгеден басталады.

Бұдан бөлек, облыста көмір сату орындарының интерактивті картасы да бар. Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан картамен танысу үшін https:// karaganda-region.gov.kz/ru/news/id/27298 сілтемесіне өту қажет. Онда аймақтағы 37 көмір сату орындары мен қоймаларының ор наласқан жері, мекен-жайы, жұмыс кестесі, көмір сату орындарының атауы, телефон дары, көмір құны көрсетілген. Ал, кө мір сатып алуға қатысты қандай да бір сұрақ туындаған болса, тұрғындар 42-10-88 нөміріне хабарласа алады.

Сөйтіп, аталған 132-ші есептік орамдағы №4 учаскеде «Шұбаркөл» көмірінің құны тоннасына 10100 теңге болса, «Сәткөмір» бағасы тоннасына 8000 теңгені құрайды.

Ал, тұтынушы көмірді тікелей разрезден аламын деп шешсе, ондағы «Шұбаркөл» кө мірінің құны тоннасына – 8500 теңге. «Сәт көмір» разрезіндегі 1 тонна көмір бағасы 6000-6500 теңгеге жетіп отыр. Осы күні учаскеде тәулігіне 120-130 жүк көлігіне көмір артылып. Кемі 30 вагон көмір түсірілуде. Ұзын-сонар кезек те бай қал майды.

Бұдан соң, жұмыс тобы Пришахтинскіде Верещагин көшесі, 1/1 мекен-жайында ор наласқан көмір сату орнына табан тіреді. Қызмет көрсете бастағанына бі рер апта ғана болған бұл көмір сату орнының ашылуына – еліміздің солтүстік өңірлерінен келген көмір сатып алушыларға қо лайлы жағдай жасау мақсаты себеп болыпты. Бұдан былай, аталған өңірлердің тұ тынушылары Қарағанды қаласының орталығына қатынап, 132-ші есептік орамда кезекте тұрмауына болады.

  • Бұл көмір сату орнының ашылғанына 2 аптадай ғана уақыт болды. Өкінішке қарай, көп тұтынушылар әлі жаңадан көмір сату орнының ашылғанынан хабарсыз. Бұл база №4 учаскедегі тұтынушылар кезегін болдырмауға негізделген. Күнара мұнда 5 вагон көмір түсіріледі. Күніге шамамен 20 жүк көлігіне қызмет етеміз. Қазіргі таңда базада «Шұбаркөл» көмірінің 300 тонна қо ры бар. 132-ші есептік орамдағы №4 учаскедегідей көмірдің 1 тоннасы 10100 теңге, – деді аталған көмір сату орталығының директоры Владимир Крылов.

Өз сөзінде, облыс әкімінің орынбасары облыс тұрғындарын жылыту маусымын күт пей, көмір сатып алуға осы күннен бас тап қамдануға шақырды. Бұл қамданыс – ұзын-сонар кезектің алдын алып, тұтынушылардың наразылығын бол дырмауға негіз болмақ. Себебі, «қыс шанаңды жаз сайла» демекші, қамдан ғанның қапы қал масы белгілі.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button