Жаңалықтар

Қарағандыдағы ірі сауда орталығы жалдау ақысын алуды уақытша тоқтатты

Қарағанды қаласындағы «Таир» сауда қаласының әкімшілігі шағын кәсіп иелерінің қиындықтарына түсіністікпен қарап, жағдай жасады. Төтенше жағдай режимі салдарынан сауданы тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпкерлерден жалдау ақысы алу уақытша тежелді. 

Әкімшілік мәліметтеріне сәйкес, ірі сауда орталығында бутиктерді 600-ге жуық адам жалға алады.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басқа да жалға берушілерді «Таир» сауда үйінен үлгі алуға шақырады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өзара көмек дағдарыстан аз шығынмен шығуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті палатада.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.

Басқа материалдар

Back to top button