Жаңалықтар
Қарағанды облысының ірі қалаларындағы балабақшалар уақытша жабылады
Облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда облыста бүлдіршіндердің тек 20% – ғана балабақшаға барып жүр. Басқарма басшысының айтуынша, 26 наурыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқаш тәрізді ірі қалалардағы балабақшалар уақытша жабылады.
- Аймақтағы үлкен қалалардың тұрғындарына балаларды балабақшаға апармау туралы ұсыныс бергенбіз. Қазір бұл қалаларда балабақшаға, тек, 20% ғана балалар барып жүр. Балабақшаларды уақытша жабу – бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін керек. Сондай-ақ, мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап қашықтан оқу жүйесіне көшеді. Ал, колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтан оқу жүйесіне көшті. Қазір 37 мыңнан астам студент осы жүйе арқылы білім алуда. Әзірге қандай да бір қиындықтар болған жоқ, – дейді Есенғазы Иманғалиев.