Жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек “Nur Otan” партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек “Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Шешім “Nur Otan” партиясы Қарағанды облыстық филиалының  кезектен тыс ХХХІІІ конференциясында бірауыздан қабылданды.


Филиал төрағалығына Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын “Nur Otan” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұсынды.  
“Елбасы “Nur Otan” партиясының мүшелеріне халыққа жақын болу міндетін қойды. Халық сеніміне ие болу үшін партиялықтар қарапайым адамдардың мәселелерін білуі және шешуі тиіс”, – деді Бауыржан Байбек. 

Партия Төрағасының бірінші орынбасары осыған дейін бұл лауазымда болған Ерлан Қошановтың жетістіктерін атап өтіп, оның ізбасарына табыс пен жаңа салада жемісті еңбек тіледі.
Жеңіс Қасымбек партияластарына оған осындай сенім артқаны үшін алғысын білдірді.
– Мен үшін бұл жаңа сын. Партия филиалын алғаш рет басқарғалы отырмын. Елбасының еңбек жолын бастаған аймақта жұмыс істеу – үлкен құрмет. Мен сіздерді “Nur Otan” партиясының Қарағанды облыстық филиалы Мемлекет басшысы мен Елбасының барлық тапсырмаларын орындайды деп сендіргім келеді. Өз тәжірибем мен білімімді қарағандылықтардың игілігі үшін қолданамын, олардың өмірін жақсарту және облыстың дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын деп уәде етемін, – деді аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button