АймақАқтоғай

Паң үйінің керегесі

Ақтоғай аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы – сан ғасырлық тарихы бар мұраларды сақтап отырған киелi орын. Музей қорындағы құнды жәдігерлердің бірі – атақты Сағынайдың асында тігілген Паң Нұрмағамбет үйінің керегесі.

Сағынайдың асымен тарихта қалған Нұрмағанбет бейнесі қазақ даласында аңыз болып айтылады. Алаш көсемдерімен үндес болған Нұрмағамбет – ұлт үшін де ұлағатты істер тындырған тұлғалардың бірі.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бұл көне кереге Сағынай асына Тоқырауын болысынан барған киіз үйлердің біріне тиесілі. Бабадан қалған осынау мұраны музейге 2011 жылы Шамағын ақсақалдың немересі Зарқан тапсырған екен.

Иә, үш жүзге сауын айтылып, мыңдаған үй тігіліп, сайын даланы думанға бөлеген әлеуметтік маңызы үлкен шарадан қалған бұл тарихи белгі бүгінде мұражай қонақтарының көзайымына айналған.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button