Қазақстандық дарынды бала

Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар белгиялық Лоран Симонстың ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдыруда, — деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің елде де сондай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.

Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен.

Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол.