Балқаш

Балқаштың 5 мектеп түлегі әкім грантын ұтып алды

Балқаш қаласына медицина кадрларын тарту мақсатында қала әкімі О.ТӘУІРБЕКОВТІҢ бастамасымен қала жастарын Қарағанды қаласы медицина университетінде жоғары білім алуына мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба әзірленген болатын. Бұл жобаны жүзеге асыруға “Қоңырат” корпоративтік қорының президенті Ник ШИРЛИ мен “Сары Қазына” ЖШС Бас директоры П.Т.СЕМЕНЧЕНКО қаржылай демеушілік көрсету үшін шешім қабылдады. Конкурстық комиссия шешімімен өздерінің жоғары білімдерін және дәрігер болуға деген зор жауапкершіліктерін көрсете алған бес жас балқаштық, оның ішінде мектеп бітірушілер — Айтолқын НЕСІПБАЕВА, Ілияс СЕРІК пен медицина колледжінің түлектері Дмитрий ЩЕПИН, Жасмин САРЫМСАҚОВА, Никита ЕПИШЕВ білім гранттарына ие болды.

Балқаш қаласының әкімі түлектерге білім грантын табыстады

Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні қарсаңында оларға қала әкімдігі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және “Қоңырат” корпоративтік қорымен бірге грант сертификаттарын тапсырды.

Қыркүйек айында болашақ студенттер беделді жоғары оқу орнында оқуларын бастайды.

Диплом алғаннан кейін туған Балқаш қаласына міндетті түрде оралып, қаламыздың медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін болады.

Суретте: білім грантының иегерлері 

Басқа материалдар

Back to top button