Бас тақырыпКоронавирус

Әлеуметтік төлем алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.

Бастапқыда әлеуметтік төлем (бір адамға – 42 500 теңге) орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын азаматтарға (нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) төленуі керек еді. Енді бұл санатқа азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, қызмет көрсету саласының өкілдері,  салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар және карантин енгізілетін елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері қосылды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, әлеуметтік төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру қорына қатысу мерзімі де қысқартылды. Яғни, бұған дейін әлеуметтік көмек алу үшін 1 жылда кемінде 3 мәрте қорға жарна төленген болуы міндеттелген еді. Енді, жаңа талап бойынша қорға соңғы 12 айда 1 мәрте ақша аударылса болды. Сонымен қатар,  өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлем тағайындауды қарастыру мерзімі 7 күннен 3 күнге дейін қысқарды.

«Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, жеке кәсіпкерлер және бірыңғай жинақтық төлем жасаушылар өздері өтініш беретін. Жұмыс берушілер жұмысшылары төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын растайтын құжат ұсынып, жұмысшыларының тізімін және жалақысы сақталмаған еңбек демалысына шығару туралы бұйрығын көрсетуі керек болатын. Жаңа ереже бойынша, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын растайтын құжат талап етілмейді. Әлеуметтік төлем берілуі үшін жұмыс беруші жұмысшыларының тізімі бар өтініш береді. Ал жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем жасайтындар жеке мәліметтері жазылған өтініш қана береді. Жұмысшы бұл өтінішті өзі де жаза алады. Құжат  Электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі» – деді министр.

Басқа материалдар

Back to top button