Бәрекелді!Руханият
Әлем чемпионатынан қарағандылық жасөспірімдер қос күміс пен қола әкелді
ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылық Павел КАРАБАНОВ пен Дмитрий ЖИЖИН күміс медальға, Жания ТӨЛЕУБАЕВА қола медальға ие болды.
ММА аралас жекпе-жектен турнир Абу-Дабиде өтті. Әлемнің 42 елінен 14-15 және 16-17 жас санаттарында 479 спортшы бақ сынасты.
– ММА-мен төрт жылдан бері айналысып келемін. Бұл – менің алғашқы әлем чемпионатым. Бес жекпе-жек өткіздім. Барлық қарсыластар мықты. Финалда Америкадан келген палуаннан жеңіліп қалдым. Чемпиондыққа тәжірибе аздық етті. Техникалық жағынан әлсіздеу екенмін. Енді одан да көп жаттығамын. Болашақта кәсіби деңгейге көтерілсем деймін, – дейді Дмитрий Жижин.
Өз тілшімізден.