Руханият

9 қыркүйекте Сәкен Сейфуллин театрының жаңа маусымы «Ұлтқа қызмет» спектаклімен ашылмақ

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы жазғы демалыстан оралды. Театр өз көрермендерін, қарағандылықтарды және қала қонақтарын жаңа маусымның ашылуына шақырады.

9 қыркүйек, жұма күні 91- ші театр маусымын «Ұлтқа қызмет» спектаклімен ашпақ. Басталуы 18:30. Қанат Жүнісовтің тарихи оқиғаларға негізделген «Ұлтқа қызмет» деректі драмасы Әлихан Бөкейхан бастаған «Алаш» зиялыларының өмірі мен тағдыры туралы баяндайды. Сол дәуірдегі саяси әрі тарихи оқиғаларды ел назарына ұсыну арқылы, өзіндік қорытынды жасауға жетелейді. Ойландырады, толғандырады. Қоюшы режиссері – Айдын Салбанов, қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button