Онлайн-айтысРуханият

Жазба ақындар айтысы мәреге жетті

Халықтың құрмет-қошеметіне бөленген жаңа жобамыз «Ұлт саулығы – ұлы мұрат» атты Арқа ақындарының жазба айтысы өз мәресіне жетіп, жүлдегерлер марапатталды. Елдегі төтенше жағдай тұсында елдің жігерін жанып, рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған онлайн-айтыста Арқаға аты мәлім 12 ақын, 6 жұп болып сөз сайысына түскенін, бір жұптың айтысы газеттің екі санында қатар жарияланып, оқырман қауым көңілі қалаған ақынға әлеуметтік желі арқылы дауыс бергенін жақсы білесіздер.

«Saryarqa aqparat» ЖШС –нің ұйымдастыруымен өткен марапаттау салтанатына қатысқан облыстың Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын ақындарға шығармашылық табыс тілеп, қаламгерлердің қоғамдағы рөлінің ерекеше екеніне тоқталды. Жыр жарысына төрелік жасаған руханият өкілдерінің атынан сөз алған қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов бойына бірнеше өнерді тоғыстырған айтыстың бүгінде жаңаша даму үстінде екенінін баса айтты.

Оқырмандардың берген дауыс нәтижесіне сүйенген қазылар алқасының шешімімен І орынды Дидар Қами, (100 00 теңге) екі жүлделі ІІ орынды Төлеген Жаманов пен Қайрат Асқар, (70 000 теңгеден) үш ІІІ орынды Тілеген Әділ, Саят Тұяқбай, Қуаныш Аманқұлов (50 000 теңгеден) жеңіп алды.

Сондай-ақ, айтысқа қаржылай қолдау білдіріп, демеушілік жасаған «Арқа Құрылыс» ЖШС директоры Серік Базарбеков, «Матан» ЖШС директоры Мұрат Жадаев, «Қоғалы көл» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Жуанышбаев «Saryarqa aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахметовтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жазба айтыс жөнінде сараптамалық толық материалды газеттің сенбілік санынан оқи аласыздар.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button