420 мектепте алғашқы қоңырау соғылды
Бүгін аймақтағы 420 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. 172 мың оқушы білім алмақ.
Оның 17 мыңға жуығы – бірінші сынып оқушылары. Бүлдіршіндерді «Күнгей» шағын ауданында 600 орындық және «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынған 2000 орындық жаңа мектеп күтеді. Биыл оқушыларды оқулықпен қамту мәселесі де толығымен шешілді.
Оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл 1-сыныптарда оқу мерзімі 33 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Жалпы оқу мерзімі 2 қыркүйекте басталып, 2025 жылдың 23 мамырында аяқталады. Шет тілдерін кезең-кезеңімен зерделеу мақсатында 3-сыныптан бастап оқыту бағдарламасына «Шет тілі» курсы енгізіледі. Сондай-ақ, 3-сыныпта «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері де оқытылмақ. Ал 4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні қосылады.
Аяулым СОВЕТ,
ortalyq.kz