36 аппаратқа тапсырыс берілді

Қатерлі індет жеті басты аждаһадай аранын ашып-ақ тұр. Осыдан біраз бұрын ғана өзге елдердегі жағдайға назарымызды тіксек, қазір өзіміздегі дертті жұқтырғандар санын қадағалаудамыз. Вирус «кемедегінің жаны бір» екенін тағы бір дәлелдеді. Адамзат күш біріктіріп, бір мақсатқа жұмылды. Бір-бірінің тілеулерін тілеуде. Бірге болғанда, тәртіпке бағынғанда, реттіліктің қадірін ұққанда ғана төнген қатерді жеңе алатынын түсінді жұмыр басты пенде.

Елімізде COVID-19 жұқтырған дар саны – 369. Бұл көрсеткіш күн сайын артқанымен жазылып шыққан 26 адам жағдайдың тұрақты әрі бақылауда екенін көрсетеді. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында әр қалада, әр облыста енгізілген карантин жұқтыру жағдайлары бола тұра, оны ауыздықтауға мүмкіндік бермек. Дегенмен, орны толмас өкінішті жағдайлар да орын алды. Республика бойынша коронавирус инфекциясынан 3 адам қайтыс болса, оның біреуі – қарағандылық. Тағы бір айтары, бұған дейін облыстағы коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 науқастың 10-ы «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсімен келгендер болса, 3-і – індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар. Ал, қайтыс болған азамат Теміртауда нотариус болып жұмыс жасаған Қарағанды тұрғыны. Ресми деректер оның шетелде, жақын арада Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында болмағанын көрсетіп отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев 30 наурызда қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген 62 жастағы ер адамға екі жақты пневмония және тыныс алу жетіспеушілігі диагнозы қойылғанын айтты. Науқас ауруханаға жүгінген сәтте бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, көмек көрсетілген. Ал, коронавирус инфекциясы қайтыс болған соң анықталған. Бұған дейін медициналық мекемеге жүгінбегендіктен, онымен қарым-қатынаста болғандар, туыстары анықталуда. Қазірдің өзінде Қарағандыда коронавирус инфекциясының 4 ошағы бар. Ол жерлерде тиісті зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі және карантинге жабылады.

«1. Облыста инфекция жұқтырғандарға арналған – 400, жұқтыру қаупі барларға арналған – 770, карантиндегілерге арналған 1450 орын жасақталған.

2. Өкпені желдету аппараттары жеткілікті. Тағы 36 аппаратқа қосымша тапсырыс берілді.

3. Адамның иммунитетін, яғни, ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру – коронавируспен күресте ең дұрыс көмекші».

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов есептеулер бойынша елімізде наурыз, сәуір, мамыр айларында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 3,5 мыңнан ас пайды деген болатын.

– Болжам жасаудың қосымша дайындық жұмыстарын жүргізуде маңызы зор. Басты мақсат – науқастардың бірден жұқтыруының күрт өсіп кетпеуіне жол бермеу. Жұқтырудың ең жоғарғы шегі сәуірде болуы мүмкін. Жұқтырғандар санын кезең-кезеңімен азайту үшін карантин шараларын жал ғастырамыз, – деген болатын ол.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 13 адамның жағдайы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше – қалыпты. Инфекция жұқтырғандарға арналған – 400, жұқтыру қаупі барларға арналған – 770, карантиндегілерге арналған 1450 орын жасақталған. Вирус жұқтырғандар мен карантиндегілер бір-бірінен толық оқшауланған. Сондықтан, бір-біріне індет жұқтыру қаупі мүлдем жоқ. Медицина қызметкерлері де алдын-ала дайындықтан өткені, індет жағдайында қалай жұмыс жасаулары керек екені жайлы алдында да айтылған болатын.

– Өкпені жасанды желдету аппараттары облыста жеткілікті. Әзірге олардың қажеттілігі бола қой ған жоқ. Тағы 36 аппаратқа тапсырыс бердік, олар жақын арада жеткізіледі. Арнайы вакцина болмағандықтан, науқастарға вирусқа қарсы препараттарды қолдану арқылы терапия жүргізілуде, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, адамның иммунитетін, яғни, ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру коронавируспен күресте ең дұрыс көмекші. Сондықтан, өзімізге бұрыннан таныс тұмау тәрізді емдеп, жақсы нәтижеге жетеміз дейді.

Әлемдік статистикаға зер салсақ, көш бастап тұрған – АҚШ. 164 мыңнан астам жұқтырып, 3 мыңнан астамы қайтыс болған. Одан кейін – Италия. Бұл елде жұқтырғандар саны АҚШ-ты артқа тастағанымен, қайтыс болғандар санының көптігі жағдайды ушықтыруда. Италияны екпіндей Испания тұр. 94 мыңнан астамы жұқтырып, 8 мыңнан астамы қайғылы жағдайға душар болған. Дегенмен, күн өткен сайын жазылғандар саны қайтыс болғандармен салыстырғанда еселеп артып келе жатқаны қуанта  ды. Мәселен, АҚШ 5 мыңнан астам науқастың жазылып шыққанын қуана хабарласа, Италияда 14 мыңнан астамы, Испанияда 19 мыңнан астамы жақсы жаңа лықтарымен бөлісті.

Салтанат ІЛИЯШ.