3,9 млн. теңгені қолды еткен

Қарағандыдағы сауда мекемелерінің бірінде 3,9 млн. теңге ұрланған. Қазіргі уақытта қаржыны қолды қылған алаяқтар құрықталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы азық-түлік өндіретін мекеме өкілі арызданған. Мекемеде жүргізілген ревизия жұмыстары барысында 3,9 млн. теңге ақша жетіспеушілігі анықталған. Полиция қызметкерлері арыз бойынша тексеру барысында іске 33 жастағы кассир мен 36 жастағы сауда агентінің қатысы барын анықтаған. Олар істеген ісін мойындап, көрсетпе белгілерін берді. Күдіктілер екі апта бойы күнделікті саудадан түскен кірісті жымқырып, бөлісіп отырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.