АймақАқтоғай

Тораңғы тоғайы

Тораңғы – өте сирек кездесетін ағаш. Екі миллион жылдан бері өсіп келе жатқан аталмыш ағаштың тамыры тарамданып әрі торланып өсетіндіктен «тораңғы» деп аталған деген де пікірлер бар. Дерек көздері тораңғы әлемнің үш-төрт жерінде ғана кездеседі дейді.

Қазақстанда тораңғы Балқаш көлінің жағасындағы Тораңғалық, Ортадересін ауылдарының маңында өседі. Жұрттың айтуынша, тораңғы тоғайдың басым бөлігі соғыс кезінде отын ретінде оталып кеткен көрінеді. Бүгінде бұл ағаш мемлекет қорғауында .

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тораңғының үш түрі өседі. Олардың барлығы сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер түріне жатады. Ортадересін маңында өсетін кейбір тораңғының биіктігі шамамен 5-6 метр. Жергілікті жұрттың айтуынша, қазақ халқы тораңғыны ежелден «шөл даланың падишасы» санап, ерекше қастерлеген. Отын ретінде пайдалануға тыйым салып, мал жаймаған.

Тораңғының бір ерекшелігі 50 метр тереңдіктен су тарта алады. Кейінгі жылдары тораңғы ағашының шыбықтарын отырғызу жұмыстары қолға алына бастады.

Өз тілшімізден.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button