ЖаңалықтарТұлға

28 маусым 2017 жыл – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ КҮНІ

28 маусым 2017 жыл – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ КҮНІ

Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының депутаттығына кандидат

РЫСҚАЛИ ӘБДІКЕРОВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Рысқали Әбдікеров

Рысқали Әбдікеров 1959 жылы 12 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданының «Өспен» ауылында туған, ұлты қазақ. Мектептен кейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген (1981 ж.). 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірді, «саясаттанушы». 1981-1983 жылдары Босаға орта мектебінің мұғалімі, Ақадыр аудандық комсомол комитетінің, Жезқазған облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып еңбек етті. 1983-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1985-2016 жылдары Жезді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ақадыр аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, әкімшілігі басшысының, әкімнің орынбасары, Шет ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтоғай ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. Ұлытау мен Шет ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Осакаров және Шет аудандарының әкімі. 2016 жылдың сәуірінен бастап депутат, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат

Рысқали Әбдікеровтің

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы экономикалық және саяси бағытының арқасында біз бүгін тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді, құқықтық мемлекет, дамыған ел ретінде танымал болдық. Еліміздің тиянақты және баянды дамуының құқықтық негіздерін айқындау жұмыстары Қазақстан Республикасының Парламентіне жүктелді. Әрине бұл маңызды тарихи міндеттерінің бірі болды, сондықтан өкілетті органның қосқан үлесі зор деп білеміз. Қазіргі Парламент – әлем демократиясы қалыптастырған парламентаризмнің аса озық және өркениетті формаларын іске асырудың жаңа сапалы, заң шығарушы мемлекеттік органына айналды. Осының бәрін ескере отырып, егерде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлансам, мен барлық күш-жігерімді салып, келесі міндеттерді атқаруға ықпал етемін:

құқықтық, демократиялық және әлеуметтік жетістіктерге бағытталған мемлекетті нығайту үшін, қоғамның барлық күштерін біріктіріп саяси тұрақтылықты және ұлтаралық ынтымақтықты одан әрі нығайту;

еліміздің жоғары өкілдік және заң шығарушы органның өкілеттілігінің артуы Парламент Сенаты депутаттарының қолданыстағы заңдар мен бағдарламаларды нақты жүзеге асырудағы, заң шығару қызметін жетілдіру тәсілдерімен жалғастырудағы, атқарушы және заң шығарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды жаңа сапалық деңгейге шығарудағы рөлін және жауапкершіліктерін күшейтуді, сонымен қатар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары мен сайлаушылармен тығыз өзара байланыстарды нығайтуды, ашықтық пен жариялықты дамытуды талап етеді;

жергілікті өкілдік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту, мәслихат депутаттарының және жұртшылықтың сауалдары мен ұсыныстарына уақытында жауап қайтару, туындайтын мәселелердің нақты шешу жолдарын қарастыру;

еліміздің экономикалық әлеуетінің проблемалары әрқашан да менің назарымда болады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында экономиканың барлық саласындағы отандық өндірісті және ішкі нарықты заңнамалық жағынан қолдау;

мемлекетіміз кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына нақты қолдау көрсеткен жағдайда ғана жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге болады, әсіресе шағын қала мен ауылдық жерде. Өндірістің барлық салаларындағы шағын және орта бизнесті, қызмет көрсетуді, аграрлық секторын әрі қарай дамытуға, кәсіпкерлерге салынатын салықты төмендетуге және оларға жеңілдікті несие беру үшін нормативтік-құқықтық базасын нығайтуға ықпал ету;

еліміздің өңірлеріндегі экологиялық проблемаларын бірте-бірте жоюға, қолданыстағы экологиялық заңнамасын күшейтуге, зиянды заттардың шығарындылары мен төгінділерінің нормаларын төмендетуге, қоршаған ортаны ластағаны үшін экономикалық санкцияларын күшейтуге ерекше назар аударамын. Үстіміздегі жылы Қазақстан елордасында «Болашақ энергиясы» EXPO 2017 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл әлем бойынша ең маңызды оқиғалардың бірі болып саналатынына күмәніміз жоқ, өйткені бүгінгі әлем кезең-кезеңімен «жасыл экономикаға» көшуде;

екі мың жиырмасыншы жылға дейінгі «Нұрлы жер» (2020) бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Парламенті оның заңнамалық базасын нығайтуы қажет деп есептеймін. Тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестицияларын тарту, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігін дамыту, тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін пайдалану;

әлеуметтік мұқтаждыққа, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына және жұмыс істейтін азаматтардың, отбасыларының, зейнеткерлердің, мүгедектердің, жас мамандардың, оқушы жастардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет шығындарын көбейтудің қажеті бар деп есептеймін. Сонымен бірге білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау жүйелеріндегі еңбекақының, әлеуметтік төлемдердің, стипендия мен жәрдемақының өсуін қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттың шығындарын қатал бақылауға алу қажет;

қалың бұқараның медициналық көмекті уақытында алуына және оның сапасын арттыруына, тиімді, қауіпсіз және сапалы емдік дәрі-дәрмектерге қол жетерліктей жағдай жасауына, озық медициналық технологияларды пайдалануына, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуына ерекше көңіл бөлінеді;

балалардың және жастардың өсіп дамуына жағдай жасауымыз қажет – олардың оқып өсуіне, демалуына, патриоттық рухын көтеруіне және ұлтаралық достығы сезімін нығайтуға.

Біз қазақ халқының тілін және басқа ұлттардың тілін құрметтеп, сақтауымыз қажет. Тарихты, мәдениетті, театр мен музейлерді қолдап, көне ескерткіштерді қалпына келтіріп, қорғауымыз керек.

Парламент Сенатының депутаттығына мені сайласаңыздар, барлық күш-жігерімді, жинаған тәжірибемді пайдаланып, жалпы мемлекеттік міндеттемелерді, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық бағыттарын орындауға, сонымен бірге Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы проблемаларын шешудің жолын қарастыруға ерекше назар аударамын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button