Экономика
Газ желісі іске қосылады
Биыл облыстағы 3 мыңға жуық үй газ желісіне қосылады. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов хабарлағандай, Қарағандыда – 1865 үй, Теміртауда – 506 үй, Жезқазғанда – 550 үй көгілдір отын игілігін пайдалана алады.
Бүгінде газ құбырын тарту жұмыстары толық аяқталды. Қазір есептеу құралдары сатып алынуда. Осы аптада Теміртау және Жезқазған қалаларында қолдағы 70 құрылғыны орнату жұмыстары басталады.
Газ желісі қыркүйек айында іске қосылуы тиіс.
Өз тілшімізден.