Ақтоғай ауданының тұрғындары «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясын қолдады

Қарағанды облысында «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы қарқын алуда. Қала мен ауыл тұрғындары жақсы істер туралы үндеуге үн қосты. Ақтоғай ауданында орталық аудандық аурухана мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар көмек алды.

Қайырымдылық акциясының бастамашысы Nur Otan партиясының мүшелері болды. Ақтоғайлықтар оттегі концентраторларын, пульсоксиметрлер, Бобров аппараттарын және басқа да жабдықтарды сатып алуға 2,5 млн теңгеге жуық қаражат жинады.

Акцияны Шашубай кентінің мектеп және балабақша қызметкерлері қолдады. Олар медициналық мекемелерге диагностикалық құралдарды сыйға тартты.