Облыс әкіміРесми

Қарағанды облысының әкімі қоқыс жинау бойынша жұмысты сынады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында қалалардың тұрғын аулаларында қоқыс жинау және елді мекендердің маңындағы  стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстарды сынады. Өңірдегі стихиялық қоқыс үйінділерімен күресу туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Тазабеков мәлімдеді.

Облыста үстіміздегі жылдың басынан бастап 1021 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 834 жойылды. Коммуналдық және құрылыс қоқыстарының үйінділері Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларында және Ақтоғай ауданында бұрынғыдай қалды.

Өңір басшысы сонымен бірге көп қабатты үйлердің аулаларындағы контейнерлік алаңдардың таза емес күйіне назар аударды.

– Күн сайын маған адамдардың әлеуметтік желілерде жазған кемшілік фактілері туралы есеп келіп отырады. Шағымдардың көбісі қоқыс шығаруға қатысты. Бірде-бір өңірде мұндай жағдай жоқ. Оңтүстік Шығыстағы Степнойда не болып жатыр! Кеше мен Майқұдықта болдым. Ол жақта жақсы ма десем, жоқ, қынжыларлық жағдай. Адамдар тіпті «Қарағанды – Қазақстанның қоқыс қаласы» деген мем-ақпарат жасаған, – деді өңір басшысы.

Бұл сұрақтың жауабына Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров негізгі мәселе үлкен қоқыстарды шығару және компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша техникамен жеткіліксіз жабдықталуында деп мәлімдеді.

 – Біз қәзір осы сұрақты шешіп жатырмыз. Қалалық бюджеттен қарамы үлкен қалдықтарды шығаруға шамамен 100 млн теңге бөлу жоспарлануда, – деп түсіндірді Нұрлан Әубәкіров.

Жеңіс Қасымбек әкімдерге қалалардың санитариялық жағдайын ерекше бақылауға мәселесін қолға алуды тапсырды.

– Күзде келесі жылға бюджетті жоспарлаймыз. Осы уақытқа дейін барлық әкімдер стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша жоспарды әзірлеуі және осы шығындарды өтінімге қосуы тиіс. Қаладағы адамдардың қолайлығы көптеген факторларға тәуелді, тазалық – олардың бірі, – деп тұжырды өңір басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button