Тариф пен сапа — бақылауда

Сейсенбі күні облыс әкімі Ерлан Қошанов «Қарағанды Жарық» компаниясының биылғы жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау аясында 35/110 кВт қосалқы станциясына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, электр қуатының ақауларын жоюға шақырды. Аймақ басшысы алдымен жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар орналасқан «Жаңа Жарық» энергетикалық нысанында болды.

«Жаңа Жарық» қосалқы станцияның аумағы 12,8 гектар. Қазіргі уақытта мұнда алты бөлімше ұйымдастырылып, жалпы саны 120 адам еңбек етуде. Бұл туралы «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС Бас директоры Нәби Айтжанов таныстырып өтті.

– Электр қуатына шекті тарифтер енгізу жабдықтарды қайта жөндеу бойынша кең көлемді жұмысты қолға алып, станцияның өндірістік қуаттарын кеңейтуге мүмкіндік туды. Бүгінгі күні ресейлік «Силовые машины» компаниясынан турбинаның барлық жабдықтары алынды. 90 шақырым электр желілері қайта жабдықталып, 95 жаңа трансформатор орнатылды. Сондай-ақ, Михайловка, Пришахтинск және Озерная қосалқы станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Күнгей мен Үштөбе ауылында, Хмельницкий және Космонавтар көшесіндегі желіде тоқ қуаты жақсарды. Соңғы кезде қаланың шет бөлігі өсіп жатыр, жаңадан ғимараттар бой көтеруде.

ды толықтай жоямыз. Қуат тарату ісі автоматтандырылған жағдайда жүргізіледі,– деді Нәби Айтжанов.

Мұндағы жаңа қондырғылардың артықшылығы – электр қуатының қашан, қандай жағдайда сөнгенін айқындайды. Алыс қашықтықта сөнген желінің қосалқы станциядан қанша шақырымда екені көрсетіледі. Дегенмен, кейінгі уақытта Қарағандының «Оңтүстік-Шығыс» бөлігі электр желісінен жиі ажыратылған. Бұл аталмыш аумақ тұрғындарының наразылығын тудырып отыр. Бұқара қуат көзінен не үшін ажыратылды және электр энергиясы қашан қалыпты жағдайда жұмыс жасайтындығы туралы талап етіп, облыс әкімі Ерлан Қошанов жауапты мекемеге ескерту жасады.

– Жақында болған ірі апаттың бірінен «Оңтүстік-Шығыс» пен Майқұдық жарықсыз қалды. Оның себебі, Қарағандыны айналып өтетін жолдарды салып жатқан мердігерлердің алдын ала келіспестен әрекет етуінен туындаған мәселе. Шұғыл іске көшкен біздің мамандар олқылықты 10 сағаттан соң жоя алды. Дүйсенбі, 23 шілде күні жарық қала орталығы мен Михайлов бөлігінде өшті. Сол уақытта «Ботаникалық бақ» қосалқы станциясында ұяшық жанып кетіп, оның салдарынан басқа құрылғылар істен шықты. Мұны жөндеу үшін алты сағат қажет болды, – дейді «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директоры Константин Конради.

Компания басшысы жөндеу жұмысы барысында 35 және 110кВт тарату құрылғысы жабдығы толығымен ауыстырылуы, сонымен қоса, резерв ұяшықтарын орнату арқылы қосалқы станцияның қуат көзін беру қабілеті артатындығын айтты. Станцияда ұяшықтар мен жарықтан ажыратқыштар толықтай монтаждалып және «Оңтүстік-Шығыс» пен Майқұдық арасында тағы екі қосалқы станция салу жоспарланып отырғандығына тоқталды. Мамандардың айтуынша, ірі станцияда апат болған жағдайда шағын станциялар да істен шығып қалады екен. Бұл мәселені қаланың айналасында қуатты қосалқы станциялар салу арқылы шешіп, толық режимде жұмыс істеуге болады.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов электр қуатын таратуға тарифтердің өсу схемасына қатысты сын айтты.

– Тарифті көтеру керектігін жақсы түсінеміз. Бірақ, оның мөлшері ақылға қонымды болу керек деп ойлаймын. Маған ұсынылған жобада 2011 жылғы тариф 4,51 теңге болса, бүгінгі таңда 5,35 теңге болғаны көрсетілген. Мен басқа сандарды көрдім, 2011 жылы тарифтер төменірек болған. Жалған сандарды сөйлетудің қажеті жоқ, несіне өтірік айтасыздар? Табиғи монополияны реттеуге жауапты қызметтер ең әуелі энергия бағасын тежеп ұстауы тиіс. Оларды бетімен жіберген соң артынан коммуналдық қызмет те өседі. Сондықтан, өз істеріңізге мұқият болыңыздар, – деді Ерлан Қошанов. Расымен де сапарды қорытындылаған жиналыс барысында 2011 жылы тарифтер төмен болғаны анықталды. Компания басшылығы оны қате жазылып кеткен деп түсіндірді.

Бұдан кейін аймақ басшысы кездесу кезінде кәсіпорынның қысқы маусымға дайындығы туралы есебін тыңдап, кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Электр энергиясын беру және тарату кезіндегі ысырапты дәл анықтауға, электр энергиясын есепке алуды жедел әрі анықтығын көтеруге қол жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда шығындарды азайту мақсатында қуат көзін таратуды басқарудың әртүрлі сұлбасын жүзеге асыруды, тұтынған энергияға төлемді төмендету жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.