Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысының 5 қаласы карантинге жабылады

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы «Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының аумағында карантин енгізу туралы» Қаулысына сәйкес аталған қалалардың аумағында 2020 жылдың 30 наурызында сағат 00.00-ден бастап  карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров айтты.

«Карантин енгізілуіне байланысты аталмыш қалалардың тұрғындарды келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

  • Қала ішінде көлікпен және жаяу жүруді барынша шектеу;
  • Респираторлық инфекциялардың (мұрын бітелуі, жөтел, ыстық көтерілу) алғашқы белгілері байқалған сәтте бірден 103 нөмірі арқылы дәрігерді үйге шақыру. Медициналық мекемелерге баруға болмайды;
  • Кәмелет жасына толмаған азаматтардың ересектерсіз көшеге шығуына тиым салынады;
  • 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді ұсынамыз. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен арнайы күтім жасауды ұйымдастыру қажет;
  • Қызмет көрсету саласындағы барлық кәсіпкерлік субъектілері сауда нысандарына жедел респираторлық инфекция белгілері бар тұтынушыларды кіргізбеуі тиіс және дезинфекциялық режимді күшейтуі қажет.
  • Осы қаулынының барлық бөлімдерін қатаң сақтап олардың орындалуын қамтамасыз ету керек, – деді Қанат Асқаров.

Сонымен қатар, аймақтың бас санитарлық дәрігері жұмыс уақытын 2 сағатқа дейін қысқартуды және мүмкін болған жағдайда қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді немесе ақылы еңбек демалысына жіберуді ұсынды.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00:00-ден бастап карантин аймағынан шығуға және кіруге шектеу қойылады. Бұл коронавирустық инфекцияның басқа өңірлерге таралуына шектеу қою мақсатында қабылданып отыр.

  • Біз індеттің берілу тізбегін тоқтатуды көздеп отырмыз. Сырқатқа шалдыққан азаматтардың бірі карантин режимін бұзғаны анықталды. Сондықтан да, біз санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейттік. Атап айтқанда, қаладағы көп қабаттың үйдің кіреберісін карантинге жаптық, – дейді Қанат Асқаров.

Басқа материалдар

Back to top button