Спорт

Олимпиада ойындары онлайн өте ме?

Көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Светлана ХОРКИНА 2020 жылы Токиода өтпей қалған жазғы Олимпиада ойындарын келесі жылы онлайн форматта өткізуді ұсынды. Бұл туралы «НСН» сайты жеткізді.

Спортшы өзінің айтарын толық жеткізбеді. Ол Олимпиадада көрерменнің болмауы ақылға қонымсыз екенін айтты. Бұл шешім спортшыларды қолдаудан айырып қана қоймай, қаржылық және экономикалық шығын әкелетінін жеткізіп отыр.

Бұған дейін жапондардың көбі Токиода жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы болған. Бірақ, жапон билігі әліптің артын бағып, дүбірлі дода уақытын 2021 жылдың маусымына ауыстырған еді.

Ойындарды ұйымдастыру комитетінің директоры Харуюки Такахаши Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру мүмкіндігін мойындады. Ол ең алдымен ұйымдастырушылар байқауды 2021 жылдың жазында өткізуге ұмтылатынын атап өтті. Сонымен бірге, ол ойындарды толығымен тоқтату мүмкін емес екенін, өйткені бұл Жапония мен әлем экономикасына үлкен соққы болатынын баса айтты.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button