Жақсылық жаршысы болайық

Жылына бір мәрте ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасымен жаңашылдық енгізілді. Министрліктің «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестік өкілдерімен өткен жиынында айтылған мәселелер талқыланып, келісімге келді. Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар портал арқылы көмек көрсете алады.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасау – барша азаматтың борышы. «Мектепке жол» акциясы аясында «Дархан» қорының жетекшісі Дархан Азимбек оқушыларға мектеп формасын үлестіріп, «Мектепке жол» акциясы аясында 76 мың теңге табыстады.

Сондай-ақ, мектеп ұстаздары да қаржылай көмек көрсетіп, медициналық бетперде таратты. Мектептің қамқоршылық кеңесі төтенше жағдай кезінде 17 отбасының бір айлық интернет желісінің ақысын төлеп, қосымша қаржылай көмек көрсетті. Аталмыш акция аясында мектеп оқушыларына 129 200 теңге бөлінді.

Гүлназ НАХАНОВА,

Ж.Кеңесбаев атындағы мектептің тәлімгері.

АҚТОҒАЙ ауданы.