2026–2027 оқу жылына арналған талапкерлер күнтізбесі жарияланды
Ұлттық тестілеу орталығы 2026–2027 оқу жылына арналған талапкерлер күнтізбесін жариялады.

Қазіргі уақытта елімізде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Ол 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады.
Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат қабылдау 20 маусымда басталып, 25 тамызда аяқталады.
«Денсаулық сақтау» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттарын таңдаған талапкерлер үшін арнайы емтихандар қарастырылған. Бұл емтихандарға өтініштер 20 маусымнан бастап қабылданады, ал сынақтар 20 тамызға дейін жалғасады.
Білім гранты конкурсына қатысуды жоспарлаған талапкерлер арнайы емтихандарды 20 шілдеге дейін тапсыруы қажет.
Ал шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін мынадай кесте бекітілді:
–шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау – 20 маусымнан 10 тамызға дейін (грантқа үміткерлер үшін – 7 шілдеге дейін);
–шығармашылық емтихандарды өткізу – 7 шілдеден 15 тамызға дейін (грантқа үміткерлер үшін – 20 шілдеге дейін).
Грант конкурсының мерзімдері:
– білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер 13–20 шілде аралығында қабылданады;
– мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА


