Жаңалықтар

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромет Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облысытарында 16-20 шілде аралығында аптап ыстық болатынын ескертеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-96 %.

“2018 жылғы 16 шілде сағат 09.00-ден 20 шілде сағат 21.00 аралығында Қазақстанның бірқатар облысында 40-45 градустық аптап ыстық болады” – делінген хабарламада.

16-20 шілде күндері күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде 40-42°С, Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43-45°С өте қатты ыстық болады.

17-20 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде 41-43°С жететін аптап ыстық болады.

18-20 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде 41°С, Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-43°С болатын аптап ыстық болжанады.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button