Коронавирус

16 сәуір: Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Басқарма басшысының мәлімдеуінше,  COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 84 адамға жеткен. Олардың ішінде  14 науқас сырттан келген,  4 адам жергілікті тұрғын және 65 адам науқаспен байланыста болған. 

Бүгінге дейін індет жұқтырғандардың ішінде екі науқас жазылып, стационардан шығарылды. Қазіргі таңда тағы 4 науқастың беті бері қарап, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Қазір олардың сынамаларына қортынды талдау жасалуда.  

– Екі науқастың жағдайы ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сегіз науқастың денсаулығы орташа. Қалған азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде,- деді Ержан Нұрлыбаев.

Қазір өңірде 2 165 адам үй карантинінде, тағы 744 адам тәулік бойы бақылауда.

– Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы жедел жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы госпиталдарға немесе қатаң үй карантиніне дереу оқшаулануы тиіс, науқаспен байланыста болған адамдардың шеңбері анықталады. Өздеріңіз білетіндей, біз тіпті тұрғын үйлердің барлық кіреберістерін карантинге жабудамыз, – деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

Бұл шаралар жұқтыру ошақтарын оқшаулауға және инфекцияның таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
 

Басқа материалдар

Back to top button