Спорт

Ел чемпионаты басталды

Қазақстан хоккей федерациясы ел чемпионатының жаңа маусымын бастау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, аталмыш федерация жақын арада жаңартылған Pro Hokei Ligasy күнтізбесін ұсынбақ.

Тартысты доданың әлі қай күні басталатыны нақтыланбаған. Кездесулер жергілікті бас санитарлық дәрігердің келісімі бойынша жүргізіледі. Санитарлық талаптар қатаң сақталып, күшейтілген режимде жұмыс істемек. Ал, барлық матчтар көрермендерсіз өтеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button