Бас тақырып

Аймақ басшыларының Білім күні мерекесімен құттықтауы

Сурет: bilimdiler.kz

Құрметті педагогтер, білім беру қызметкерлері!
Құрметті оқушылар, студенттер!

Сіздерді Білім күнімен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бiлiм беру жүйесiн дамыту – мемлекеттiк саясаттың басым бағытының бірі.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, білім – елдің әл-ауқаты қаланатын берік іргетас. Сондықтан, жас ұрпақтың терең білім алуы, өз таланттарын жүзеге асыруы, спортпен достасып, Отанымыз­дың нағыз патриоты болуы үшін барлық жағдайды жасаудамыз.

2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1, 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара форматында 1 қыркүйекте өткізіледі.

Биылғы оқу жылында алғаш рет 17 мыңға жуық бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім ала бастайды. Бұл бағдарламалар оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптардан басқа, тәрбие нәтижелеріне және оқыту жағдайларына қойылатын талаптарды көздейді.

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептердің құрылысы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл жоба апаттылық, оқушы орындарының жетіспеушілігі және үш ауысыммен оқыту сияқты қазіргі заманғы мектептердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба аясында Қарағанды қаласының «Кең дала», «Гүлдер», «Көгілдір тоғандар», «Жаңа аудан (Таугүл)» шағын аудандарында, Балқаш қаласының Қ.Нұржанов атындағы шағын ауданында, Бұқар жырау және Шет аудандарында жаңа мектептер салынуда.
1 қыркүйекте Қарағанды қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған «Кең дала» шағын ауданында 2000 орындық жаңа мектеп және «Күнгей» шағын ауданында облыстық бюджет есебінен салынған 600 орындық мектеп ашылады.

Бұл мектептер физика, химия, биология және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Білім алушыларды жан-жақты дамыту үшін мектептерде зертханалар, спорт залдары, шеберханалар мен демалыс аймақтары бар. Сыныптар қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған, білім берудің тиімділігін арттыру үшін мектептің кез келген нүктесінен жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға жағдай жасалған.

Құрметті ұстаздар, балаларға білім берудің жауапты және мәртебелі ісінде сіздерге шыдамдылық пен табанды ерік-жігер тілейміз. Мектеп сіздер үшін жұмыс орны ғана емес, шығармашылық пен таланттарды іске асыру мекені болсын.

Баршаңызға зор денсаулық, оқуда және еңбекте жаңа табыс тілейміз!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button