Спорт

Жойқын соққы – тоғызыншы жеңіс

Сенбінің таңы жағымды жаңалықпен басталды. Орта салмақтағы қазақ боксшысы, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ аргентиналық Гонсало КОРИЯНЫ нокаутпен ұтты. «Сиқыршы» деген лақап аты бар қарсыласын екінші раундта сұлатқан отандасымыз өз белбеулерін қорғап қалды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «MGM Grand» спорт кешенінде өткен жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді.

Гонсало алғашқы раундта Жәнібектің соққысынан нокдаун алса да, раунд соңына дейін шыдады. Екінші раунд басталғаннан кейін аргентиналық былғары қолғап шебері қазақтың соққысынан нокаут алып, орнынан тұра алмай қалды. Бұл – 27 жастағы отандасымыздың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button