Спорт

Жүгірген жетер мәреге

Кеншілер астанасында «QARAGANDY MARATHON 2020» халықаралық онлайн-марафоны жалауын желбіретті. Елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы барлық спортсүйер қауымның тұратын елі-жеріне қарамастан жүгіруге қосылуға мүмкіндік беретін халықаралық онлайн-марафон ұйымдастырды. Жарыс облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ қолдауымен жүзеге асырылды.

Айтулы спорт жарысына қатысушы желаяқтардың томағасын сыпыру салтанаты орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтті. Офлайн және онлайн марафоншыларды Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті, облыс әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және жеңіл атлетикадан ҚР бас жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов құттықтады.

Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясының вице- -президенті Сергей Засимовичтің айтуынша, марафонға 1150 қатысушы тіркелген. «Пандемияның барлық жағдайларын ескере отырып, жүгірушілердің саны шамамен есептелді. Қатысушылардың негізгі бөлігі Қазақстан азаматтары, бірақ Моңғолия, Ресей, Польша және Қырғызстаннан да марафоншылар бар» деді ол.

– Биылғы жыл бәрімізге оңайға соққан жоқ. Дегенмен, санитарлық нормаларға сәйкес біз осы марафонды спортты жақсы көретіндердің барлығына арнап ұйымдастырдық. Облыстық деңгейдегі іс-шараны халықаралық деңгейге көтерген жеңіл атлеттерге ерекше алғыс білдіСенбінің таңы жағымды жаңалықпен басталды. Орта салмақтағы қазақ боксшысы, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ аргентиналық Гонсало КОРИЯНЫ нокаутпен ұтты. «Сиқыршы» деген лақап аты бар қарсыласын екінші раундта сұлатқан отандасымыз өз белбеулерін қорғап қалды. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «MGM Grand» спорт кешенінде өткен жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Гонсало алғашқы раундта Жәнібектің соққысынан нокдаун алса да, раунд соңына дейін шыдады. Екінші раунд басталғаннан кейін аргентиналық былғары қолғап шебері қазақтың соққысынан нокаут алып, орнынан тұра алмай қалды. Бұл – 27 жастағы отандасымыздың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі. Өз тілшімізден. МАРАФОН Жәлел ШАЛҚАР, ремін, – деді Әлішер Әбдіқадыров. Спорттық шараны ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, әуесқойлар мен спортшыларға 3 шақырымдық «отбасылық» жүгірісі, 5-10 шақырымдық, жартылай марафон – 21 шақырым, 97,5 метр, марафон – 42 шақырым, 195 метр сынды қашықтықтар ұсынылған. – Кәсіби емес адамдар арасындағы ең сұранысқа ие қашықтық – 10 шақырым, – дейді Сергей Засимович. Одан кейін – 21 және 5 шақырымдық қашықтық бар. Карантин ережелерін сақтау арқылы мұндай жүгіру әлі еш жерде болмаған. Бізде алғаш өтуде.

42 шақырымдық қашықтықта 55 қатысушы бақ сынаса, Отбасылық жарысқа 75 отбасы қатыспақ. Ең жас қатысушы – 8 жаста, ал ең егде жүгіруші – 62-де.

Сергей Засимовичтің айтуынша, пандемия көп жүгірушілерді жинауға кедергі келтірген. Дегенмен, қазіргі қатысып жатқан адамдардың саны ұйымдастырушыларды қуантып отыр. Марафон аяқталғаннан кейін қанша адам қатысқаны нақтыланады. Бірақ, әлі адам саны артуы мүмкін екен. Сондай-ақ, қашықтықтар бойынша жүгіруден кейін қатысушылардың әрқайсы өз нәтижелерін qaragandymarathon.kz. ресми сайтына жүктей (трекинг) алады. Әрі қарай, арнайы жасақталған жауапты топ әр нәтижені көріп, тіркеп отырады. Өйткені, нәтижелерді бұрмалау да болуы мүмкін екен. Сонымен қатар, қатысушы жүгірмей, велосипедпен де жүріп өтуі мүмкін. Осының бәрін кәсіби мамандар қадағалап, жеңімпаздар бірнеше күн ішінде анықталады. Онлайн-марафонның нәтижелері 15 қазанға дейін жарияланады.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button