АймақАқтоғай

Ақсораңдық атымтайлар

Жаһанды дендеген дерттің дауасы, яғни, коронавирусқа қарсы вакцина әлем бойынша әлі табылмай жатқаны баршаға мәлім. Осындай ел басына күн туған қысылтаяң шақта жүрегі жомарт жандар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, қайырымдылық танытуда.

Таяуда «Шұғыла» қоры арқылы 7 тыныс алу аппаратын алуға ел десе елеңдеп, әркез қайырымдылық жасаудан алдына жан салмай жүретін Серік Қасымбеков, меценат Нұрлан Әрінбаевтар бас болып, Қызыларай ауылының «AQSORAN» қайырымдылық қоры 1 сағаттың ішінде қомақты қаржы аударып, мәрттік танытты. Ал, күні кеше жеке кәсіпкерлер Ержан Нұртазин, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Нұртілек Әбдуәлиев Қызыларай ауылдық фельдшерлік амбулаториялық пунктке қанқысымын өлшеу аппараттары мен дәрі-дәрмек беріп жіберген болатын. Сонымен қатар, 1976 жылғы ауыл тумалары ФАП мекемесіне 30 литрлік су жылытқыш (аристон), қолжуғыш (раковина), 3 кварц лампасын, 3 үй жағдайына арналған инголятор және 100 дана бетперде сыйға тартып, халық алғысына бөленді. 

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button