Білім

Заманауи кітапхана игілігі

Жаңа жыл қарсаңында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде заманауи кітапхана ашылды. Университет базасында кітапхананы жаңғырту бойынша қолға алынған үшінші жобада факультеттің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, оқу залдарынан басқа, кескіндеме, графика және дизайн көрмелері өтетін студия бар.

Сурет: ұйымдастырушылардан алынды

Кітапханада білім беру бағытта­рына қолжетімділік басым. Қорды сақтауға арналған қауіпсіздік құралдары мен RFID-жапсырмалары орнатылған. Ерекше студенттерге ар­налған арнайы үстел мен орто­пе­дия­лық орындықтар да бар.

Озық технологиялармен жабдық­талған бірегей кітапхана қала­­д­а­ғы педагогтардың барлығына тәулік бойы оқырман қауымға қызмет көр­сетеді. Оқу кітапханасы озық құ­рал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, кі­тап қоры толыққан. Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі-проректор Сәуле Сағынтаеваның айтуынша, кітапхананың ашылуы – педагогика факультетінің студенттері мен оқытушыларына үлкен олжа.

– Айтулы кітапхана білім алмасу орталығы, диалог алаңы және оқытушылар мен студенттердің ашық түрде өзара пікір алмасу орны болады деп сенеміз, – дейді проректор.

Қазіргі таңда педагогика факультетінің оқу кітапханасы 400 шаршы метр. 53 000 дана кітап қоры бар мәдениет ошағында өнер, дизайн, әдістеме құралы, педагогика саласындағы әдебиеттер қоры жинақталған. Оқырман үшін қолайлы кеңістік сыйлайтын, көркем әдебиеттер, студенттер тынығатын аймақ, оқыту-әдістемелері, педагогика саласындағы әдебиет қорымен қамтылған.

– Арнайы абонементпен, электронды ресурстар залымен жабдықталған. Оқу кітапханамыздың басқалардан айырмашылығы – Қарағанды қаласы мектептерінің мұғалімдеріне де қызмет көрсетеді. Оқырман университеттің ID картасы арқылы кітапханаға келе алады, – дейді ғылыми кітапхана директоры Гаухар Әбдіғұлова.

Қазіргі таңда университет базасындағы биология-география және тарих факультетінде де екі заманауи кітапхана жұмыс істеп тұр.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button