Аймақ басшысы мен мәслихат төрағасы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады
Құрметті ауыл еңбеккерлері мен қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері!
Сіздерді ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ауыл шаруашылығы – біздің өңірдің маңызды құрамдас бөлігі. Биыл сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында табиғи жағдайларға қарамастан, жылдағыдай мол өнім жиналды.
Бұл маусымда айтарлықтай қиындықтар туындағанымен, табандылық пен кәсібиліктің арқасында сіздер картоп пен көкөністерден мол өнімін жинадыңыздар. Жалпы алғанда соңғы бес жылда облыстың ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де айтарлықтай артты. Ет, сүт және т.б. өндіру бойынша ірі өндірістер табысты жұмыс істеуде, сондай-ақ, өндірісті жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары халықаралық деңгейге шығуда.
Мемлекет ауылдық аймақтарға зор көңіл аударып отыр, осы жылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасы қолға алынды.
Құрметті достар!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында аймағымыздың тұрғындары сапалы және қауіпсіз өніммен қамтамасыз етілуде. Біз сіздерді Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, өңіріміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке, істеріңізге табыс тілейміз!
Е.БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Н.ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық
мәслихатының төрағасы